19 Маусым, 2015

 «Алтын Гефест» сыйлығы табысталды

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
алтын гефест-1Тау-кен металлургия кешені саласындағы ең беделді «Алтын Гефест» салалық байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастыру комитеті тарапынан барлығы 12 аталым бойынша 110 өтінім қаралған болатын. Осылайша, жеңімпаздарға ТМК үздік кәсіпорындары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ, жобалық, ғылыми, оқу мекемелерінің мамандарына және журналистерге берілетін «Алтын Гефест» сыйлығы табыс етілді. Осы сала бойынша тың нәти­желерге қол жеткізген, озық үлгі көр­сеткен мамандарға, сондай-ақ, жобалық, ғылыми, оқу ме­ке­мелерінің қызметкерлеріне, жур­налистерге берілетін ұлттық сыйлық болып табылатын «Ал­тын Гефесті» алу кімге бол­са да үлкен мәртебе екендігі ақиқат. Бұл ретте аталған байқау тәжі­­ри­белердің жетілуіне, олардың дамуы мен артуына жағдай жасап, тау-кен металлургия саласының дәріпте­луі мен беделін өсіруге септесе­ді. Кәсіпорындар арасындағы «2015 жыл­дың жобасы», «Ин­но­вациялар бойынша 2015 жылдың көшбасшысы», «Қа­зақ­стандық қамту бойынша 2015 жылдың көшбасшысы» атты үш аталымда 13 компания бақ сынасқан болатын. Ал бұл марапат жыл сайынғы «Astana­Mining&Metallurgy 2015» VI халықаралық тау-кен ме­таллургия конгресінің негіз­гі оқиғаларының бірі екен­дігі белгілі. Тұрақты қатысу­шылардың ішінде «Казцинк», «KSPSteel», «ЕвразКаспиан Сталь», «Казхром», «Қа­зақ­мыс» компанияларының қыз­меткерлері, тау-кен және металлургия оқу орындарының оқы­тушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері және тағы бас­қа­­лар бар. «2015 жыл жобасы» аталымына Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бақылау кеңесінің мүшесі Кирилл Кириченко ие болса, «Инновация бойынша 2015 жыл көшбасшысы» ЮрАзия Энерджи Холдингс компаниясының Астана өкілдігінің директоры Болат Досан, «Қазақстандық қамту бойынша 2015 жылдың көшбасшысы» Ер-Тай ЖШС басқарушы директоры Ермек Жанасов марапатталды. Ал «2015 жылдың геологы», «2015 жылдың металлургі», «2015 жылдың дипломдық жұмысы» мен «2015 жылдың кеншісі» аталымдары бойынша да біршама мамандар бақ сынасқан. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша журналистер арасында да «Қазақстанның ТМК саласы туралы баспасөздегі үздік журналистік жұмыс», «Қа­зақ­станның ТМК саласы туралы теледидардағы үздік журналистік жұмыс», «ТМК саласындағы «Еңбек адамы» туралы үздік материал» атты аталымдар жеңімпаздары да белгілі болды. Айта кетейік, «Алтын Гефест» сыйлығының жеңімпаздары дәс­түрлі түрде қазылар алқасының жабық талқылауында анықталды. Олардың құрамына саланың ең беделді мамандары кіреді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».